Оңтүстік Қазақстан облыстық соты Тараздың №2 қалалық сот шешімін негізсіз деп тауып, тараздық журналист Галина Выборнованы ақтап шықты. Мамандар Қазақстан тарихында журналистердің сот жүйесімен соттасып, оны жеңіп шығуы осымен екінші рет қана орын алып отырғанын айтады. Жамбыл облыстық сотының судьясы Болат Беріков «журналист Галина Выборнова өз мақаласында менің ар-ожданыма нұқсан келтірді» деп сотқа талап-арыз түсірді. Осы істі қараған Тараздың №2 қалалық соты судьяның арызын қанағаттандырып, Выборноваға 200 мың теңгеден астам мөлшерде айыппұл салу туралы шешім шығарған еді. Онымен келіспеген журналист Жоғарғы сотқа шағымданып, ақыры өзін ақтап алды.
Судья Әділ Керімшиевтің төрағалығымен өткен Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа отырысы тараздық журналист Галина Выборнованың шағымына сәйкес екі жақты да тыңдап шығып, Тараз қаласының сот шешімін заңсыз деп тауып, «журналист ақталсын» деген шешім шығарды. Ал прокурор Бауыржан Қараманов өз сөзінде «мақала авторы моншадағы сол судья деп кесіп айтып отырған жоқ, сол судьяға ұқсайтын адам екенін жазған» деп айтыпты.
Бұл даудың шығуына журналистің Жамбыл облысындағы қылмыс әлемі мен билік арасындағы сыбайластықты әшкерелеген «Тараз: қарақшылар салтанат құруда» деп аталаатын мақаласы түрткі болған еді. Жамбыл облыстық сотының судьясы Болат Беріков журналист Галина Выборнованың мақаласында моншада түсірілген бейнетаспа негізінде «облыстық судья Беріков мырзаға өте ұқсайтын адам Тараз қаласының белсенді қылмыскерлерімен моншада бірге шомылады екен» деп айтылған тұсын өзіне жабылған жала деп, журналисті сотқа берген болатын. Істі қараған Тараз қаласының №2 соты судьяның ар-ожданына нұқсан келген деп тауып, мақала авторы Галина Выборноваға 200 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Алайда, онымен келіспеген журналист Қазақстанның Жоғарғы сотына шағымданып, бұл істі қайта қарауды Жамбыл облыстық сотына емес, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотына жіберуін сұраған еді.
«Өйткені, Жамбыл сотынан әділдік пен объективтілікті еш күтуге болмас еді. Қалалық сот осы істе өзінің облыстық сот басшыларын қолдауды ұйғарғандығы бірден көрінді, себебі олар облыстық сотқа тәуелді ғой. Және менің қалалық сот шешімімен келіспеген шағымымды облыстық сотқа жіберген кезде, жергілікті басылымдарда облыстық сот төрағасының қолымен менің дұрыс еместігім туралы мақала басылды. Демек, олар мені алдын-ала облыстық сотта да жықпақшы ниеті барлығын байқап, мен Жоғарғы сотқа шағымданып, істі Оңтүстік Қазақстан облыстық сотына жіберулерін сұрадым. Заң бойынша сот осындай істе алдын-ала қандай да мүдделілік танытса мен істі басқа сотта қарата аламын. Мен сол құқығымды пайдаландым», - дейді Галина Выборнова.
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа отырысы шығарған шешіміне журналисті сотқа берген судьяның пікірін білмек болған талпынысымыз нәтижесіз аяқталды. Жамбыл облыстық сотының баспасөз хатшысы Есенгелді Утенов ондағылардың әлі бұл жаңалықпен таныс еместігін айтты.
- Оны біз естіген жоқпыз. Ол жаңалықты судья да естіген жоқ. Бірақ оған мені араластырмай-ақ өзің судьяға телефон шалып сұрастырсаңшы, - деді облыстық соттың баспасөз хатшысы мамырдың 30-күні «Азаттық» тілшісіне.
Бірақ бұл күні судья Беріков мырзаны жұмыс орнынан табудың сәті түспеді, оның қызмет телефоны күн бойына шалған қоңырауларға жауап бермеді.
Ал журналист Галина Выборнованың сот арқылы өзін ақтап алуына баға берген «Әділ сөз» қоғамдық қорының заңгері Ганна Красильникова өзі білетін тәжірибеге сүйеніп, тәуелсіз журналистің Қазақстанның сот жүйесімен соттасып, одан әділдік табу оқиғасы ілеуде біреу дегенді айтады.
- Бұл - өте сирек кездесетін оқиға. Менің өмірімде осындай тағы бір оқиға: Ақтөбелік журналист Дима Матвеев прокурордың ар-ожданы туралы шағымын сот арқылы жеңіп шыққан болатын, - дейді Г.Красильникова.
Журналист Выборнованың айтуынша, ол бұған дейін тоғыз рет азаматтық іс бойынша соттасып, өзінің дұрыстығын дәлелдепті. Ал бұл жолы оны алғаш рет қылмыстық іс бойынша сотқа тартқан екен.
- Ақиқат біз жақта болды. Оған қоса бұл сот ісінде барша журналист қауым, құқық қорғаушы ұйымдар ауызбіршілікпен мені қолдады. Және де Қазақстан Журналистер конгресінің төрайымы Дариға Назарбаева да мені қолдаған болатын. Бәріне рахмет айтамын, - дейді Выборнова ханым.
Қазақстандағы баспасөз бостандығының жай-жапсарына бақылау жүргізумен шұғылданатын «Әділ сөз» қорының заңгері Ганна Красильникова «Галинаның соттасуда мол тәжірибесі бар және ол құқықтық сауаттылығы мен ыждахаттығының арқасында осындай нәтижеге қол жеткізді, сондықтан барша тілші қауым осындай болуы керек» деген ой түйсе, Галинаның өзі «енді көптеген қазақстандықтардың сотта да әділдікке қол жеткізуге болатынына сенімі оянады. Ең негізгісі - қол қусырып отырмау керек» деген сенімін айтады.