Ауғанстанмен арадағы шекарада Тәжік шекарашылары басшысының орынбасары Моқим Мухаббатовтың мәйіті табылды. «Азаттық» радиосы тәжік қызметінің хабарлауынша, Мухаббатов бейсенбі күні шекарадағы Зерада ауылында өз машинасында өлі күйінде табылған. Осыған байланысты тергеу ісі басталды, дейді ресмилер.