ТЕҺРАН: Бүгін Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад: “таяу болашақта Израиль қирайды”, -деп мәлімдеді. Теһранға келген шетелдік қонақтарға арнаған сөзінде М.Ахмадинеджад Израильдің Палестина мен Ливан елдерінің билігіне бас иетін уақыты жақындап келеді деп атап көрсетті. Бұл кезінде еврей мемлекетін жоюға шақырған Иран президентінің даулы пікірлерінің соңғысы болды.