Ресейдің В.Путиннен кейінгі президенті 5, 6 не 7 жылға сайлануы мүмкін

МӘСКЕУ: Ресей президенті В.Путин өзінен кейінгі президенттің билік құзырын 5-7 жылға дейін ұзартуды ұсынады. Мұндай пікірін В.Путин Батыс елдерінің журналистеріне берген сұхбатында айтты. Президенттің интернет-сайтында бүгін жарық көрген осы сұхбатында В.Путин президенттің қазіргі 4 жылдан 5, 6 не 7 жылға сайланғаны қолайлы болар еді деп мәлімдеген. Сонымен бірге Ресей лидері конституциядағы мемлекет басшысы болып 2 рет сайлану құқы нормасының сақталғанын қолдайды.