Ауған үкіметі тәліп қолбасыларының бірі Дадулла молданың сүйегін туыстарына беруге әзір

КАБУЛ: Ауғанстан үкіметі мамыр айында көзі жойылған дала қолбасшысы Дадулла молданың сүйегін наурыз айында кепілдікке тұтқынға түскен 5 медицина қызметкеріне айырбастап, туған-туыстарына беруге әзір екенін мәлімдеді. Ол туралы “Азаттық” Радиосына Ауғанстанның денсаулық сақтау министрі Мохаммад Әмин Фатеми хабарлады. Ал АҚШ бастаған коалиция әскері дүйсенбі күні Ауғанстаның оңтүстігіндегі Кандагар облысында болған кескілескен шайқаста 20 шақты тәліптің көзін жойғанын жариялады. Сонымен қатар коалицияның соғыс ұшақтары Гильменд облысындағы Кажаки су бөгетінің төңірегіндегі тәліптердің 3 бекінісін бомбалады.