Косовоның албан лидері президент Бушпен кездестім дейді

АҚШ президенті Джордж Буш Косоводан шыққан танымал албандық саясаткер Ветон Сурроймен кездесті. Сурройдың айтуынша, ол Бушпен сейсенбі күні Чехия астанасы Прагада кездескен. Президент Буш БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Сербияның өлкесі болып табылатын Косовоның болашақ мәртебесі туралы қарардың қабылдануын тездетуді уәде етті деді Ветон Суррой. АҚШ Косовоға халықаралық бақылау астындағы тәуелсіздіктің берілуін қолдайды. Бірақ Ресей бұл шараға Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето қою құқығымызды пайдалануымыз мүмкін деп ескерткен болатын.