Ветон Суррой өзінің Бушпен Прагада кездескенін айтты. Оның сөзіне қарағанда Косовоның болашақ мәртебесі жөніндегі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарарының алға жылжуына көмектесетіндігіне АҚШ президенті уәде берген. Сербияның бұл провинциясына халықаралық тұрғыда басқарылатын тәуелсіздіктің берілу ұсынысын АҚШ қолдап келеді.