Ауғанстанда әйел журналист атып өлтірілді

Мұның өзі осы аптадағы осындай екінші өлтіру әрекеті болып отыр. Закия Заки- “Бейбітшілік радиосы” атты жеке радио бекетінің жетекшісі еді. Оны белгісіз біреулер маусымның 5-і күні үйінде атып кеткен. Ал, мамырдың 31-і күні тағы бір әйел журналист Шакиба Санга Қабылдағы отбасында атып өлтірілген болатын. Ол теледидар жүргізушісі еді.