Түркменстан президенті Иранға екі күндік сапармен бармақшы

Техраннан түскен хабарларға қарағанда, Түркменстан президенті Гұрбангұлы Бердімұхамедов Иран билігінен мемлекеттік сапармен келіп қайтуға шақырту алған. Ирна агенттігінің хабарлауынша, Түркмен президенті маусымның 16-да Техранға екі күнге барып, президент Махмұд Ахмединежадпен және Иранның жоғары рухани көсемі Аятолла Хаменеймен кездеспекші. Келіссөздер энергия көздері мен тасымал, сауда саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қамтитын болады.