Санкт-Петерборда оппозициялық шеру өтті

Ресейдегі жүздеген оппозиция белсендісі Санкт-Петерборда шеру өткізді. Кеше бұл қалада халықаралық экономикалық форум басталған болатын. Полиция оппозицияның бұдан бұрынғы наразылық шараларын күштеп таратқан тұғын, бірақ бұл жолғы шеру зорлық-зомбылықсыз аяқталды. Оппозициялық коалиция лидерлерінің бірі Гарри Каспаров Путиннің режимін айыптауларын одан әрі жалғастыратындарын айтты.

“Біз наразылық шараларын одан әрі жалғастыратын боламыз. Конституциялық хұқықтарымыздың құрметтелуін талап етеміз”, - деді Каспаров.

Санкт-Петербордағы экономикалық форумға әлемнің әр түкпірінен келген 6 мыңға жуық саясаткер мен кәсіпкерлер қатысуда.