С.-ПЕТЕРБОР: Кеше Қазақстан президенті Н.Назарбаев Орта Азия мен әлем елдері арасындағы сауда қатынасын дамыту үшін Каспий мен Қара теңіздің арасына “Еуразия” каналын тартуды ұсынды. С.-Петербордағы ХІ-сінші халықаралық экономикалық саммитінде сөйлеген сөзінде қазақ лидері жаңа каналдың Ресейдегі Волга-Дон каналынан 1 мың шақырымға қысқа болатынын атап көрсетті. Н.Назарбаевтың мәлімдеуінше, Орта Азия мен Каспий жағалауындағы мемлекеттер көмірсутегі шикізатына өте бай, бірақ оларды тасымалдаудың қосымша балама бағыттарына мұқтаж болып отыр.