АҚШ-тың бірінші ханымы Ауған журналист әйелінің өлтірілгенін айыптады

Закия Заки ханым Ауғанстандағы “Бейбітшілік радиосының” директоры еді. Паруан аймағында, маусымның 5-і күні оны талибандық деп күдікке ілінгендер атып кеткен. Лаура Буш ханым өзінің ресми веб парақшасында лаңкестік әрекеттер сөз және баспасөз бостандығы мен әйел теңдігіне қауіп төндіруде, деді.