ВЕНА: Бүгін Аустрия астанасы – Венада – Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы Келісімге қол қойған елдердің 4 күндік төтенше конференциясы басталады. Бұл конференция Ресейдің бастамасымен шақырылып отыр. Өткен мамыр айында ресми Мәскеу әлгі Келісімді НАТО-ға мүше елдердің барлығы бекіткенше, оны орындауды уақытша тоқтата тұратынын жариялаған болатын. Өз кезегінде НАТО елдері Келісімнің шарты бойынша Ресейдің Грузия мен Молдовадан өз әскерін алып кетуге тиіс екенін есіне салды.