Жоғарғы Соттың қадағалау алқасының төрағасы Анатолий Смолиннің айтуынша, қадағалау алқасы тек жарияланған қылмыстық істерге қатысты мәселелерді қайта қарайды. Ол арызданушы тарапқа Жоғарғы Соттың қадағалау алқасына беріп отырған құжаттарды толығымен Бас прокуратураға тапсыруын сұрады. Алайда арызданушы жақ - Алтынбек Сәрсенбайұлының туыстары мен оның қорғаушылары, оппозициялық топтың серкелері Жоғарғы Соттың қадағалау алқасының төрағасы Анатолий Смолиннің шешімін соңына дейін тыңдамай мәжіліс залын тастап шығып кетті.
Ал «Нағыз Ақжол» партиясының тең төрағасы Болат Әбілов Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтірген адамдардың аты-жөнін халыққа жарияламайынша күресе беретіндіктерін жеткізді:
Бұл Жоғарғы Соттың қадағалау алқасының шешімі – ең соңғы шешім. Бірақ, біз бұл шешімге сенбейміз де, көнбейміз де. Билік қазір қорқады, Сенаттың бұрынғы аппарат басшысы болған Ержан Өтембаевтың бұл іске ешқандай қатынасы жоқ. Өлтірген кісілер, тапсырыс берушілер басқа адамдар. Біз соны білеміз. Ол жөнінде «Нұрбанктің» бұрынғы басқарма басшысы Ә. Ғылымов та айтты.
Болат Әбілов сонымен бірге «үстіміздегі жылдың ақпан айында «Нұрбанктің» бұрынғы басқарма бастығының орынбасары Жолдас Темірәлиевтің жоғалып кетуіне байланысты оның отбасына қолдау білдіру үшін үйіне барғанымда, Темірәлиевтің зайыбы Армангүл Қапашеваның аузынан «Әлиев Жолдас Темірәлиевке Алтынбекті өлтірген мен, оның жанында сендер кімсіңдер деп айтқан сөздерін естідім», деді.
Ал Жоғарғы Соттың қадағалау алқасының шешіміне байланысты Рысбек Сәрсенбайұлы былай дейді:
- Бұл Жоғарғы Сот емес, масқара сот. Қазақстанда тұратын қылмыскерлерден жәбір көрген азаматтар Қазақстанда ештеңеге үміттенбей-ақ қойсын деп сеніммен айта аламын. Жоғарғы Сот қылмыскерлерді ашудың орнына оларды қорғап отыр.
Жоғарғы Соттың қадағалау алқасына сонымен бірге Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтірді деп өлім жазасына кесілген Рустам Ибрагимовтың жақтаушыларының да арыз шағымы келіп түскен. Ол істі де қадағалау алқасы кейін қайтарды. «Өйткені өткен жылғы Алматы облыстық соттың шешімі әділетті болды», дейді Анатолий Смолин. Бірақ Жоғарғы Сотқа Рустам Ибрагимовтың адвокаты Нұрлан Өзтеміров келген жоқ. Рустам Ибрагимовтың әкесі Таш Ибрагимов мұны қазіргі ахуалға байланысты Нұрлан Өзтеміров жаңа материал дайындап жатыр деп түсіндірді.
Алтынбек Сәрсенбайұлының туыстары мен оның қорғаушыларының қадағалау алқасына шағымдануына тағы бір себеп болған - жәбірленуші жақтың қорғаушысы Серікқали Мусиннің поштасына хат келіп түскен. Онда Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге қатысы бар деген бірнеше азаматтардың аты жазылған, сонымен бірге Рустам Ибрагимовтың осыған дейін де тапсырыспен кісі өлтірген деген мәліметтер жазылған.