Бүгін Венада Европадағы кәдімгі күштер келісімінің болашағын талқылауға арналған төтенше мәжіліс ашылды

Төрт күндік конференция президент В.Путин Ресей аталған келісімге қатысуға мораторий жариялайды деп мамыр айында мәлімдеген соң, Ресейдің бастамасымен шақырылып отыр. Мәскеу Европадағы кәдімгі күштер келісімінен шықпаймыз дегенімен де, келісімнің қайта қаралғанын қалайды.