КИЕВ: Украина президенті В.Ющенко Ресей лидері В.Путиннің соғыс зымырандарын Еуропаға қарай бұратынын ескерткен сөзін шын көңілмен қабылдайды. Канаданың күнделікті "The Globe and Mail" басылымына берген сұхбатында В.Ющенко В.Путиннің әлгі ескертуі өзінің Украинаны НАТО-ға қарай жетелеу тілегін өсіре түскенін мәлімдеді. Ресей президенті әлгі ескертуін АҚШ-тың зымырандық шабуылдан қорғану жүйесін Еуропаға орналастыру жоспарына қарсы айтқан болатын.