“Неуроғылым табиғаты” атты басылымда жарияланған зерттеу еңбектің негізгі ауторы Брайс Кюльдің айтуынша, кейбір жадындағы ақпараттарды өшіру арқылы ми құрылысы өзге бір, аса маңызды ақпараттарға орын босататын көрінеді.
Кюль және оның әріптестері коллеж студенттеріне тәжірибе жүргізген екен. Олардың ми қызметі неуро елестету машинасына қосылған. Ол студенттерге жаттау үшін 6 жұп сөз беріледі де, оған қоса қысқартылған сөз жұптары тағы тапсырылады. Студенттер өздеріне негізгі тапсырма ретінде берілген 6 сөз жұбын жадында сақтап, қосалқыларын ұмытып кеткен екен. Кюльмен бірге зерттеу жүргізген психолог, профессор Антуа Вагнердің айтуынша, ұмыту арқылы ми өзінің жадында сақтау қабілетін күшейте түсетін көрінеді. Дей тұрғанмен, аталған ғалымдар мидың аса қажетті және маңызды емес ақпараттарды қалай сараптайтындығын әлі анықтай алмай отырса керек.
Отбасы сарапшысы Дайана Гехарттың айтуынша, бал айы өткеннен кейінгі, әрі кеткенде екі жыл ішінде жас ерлі-зайыптылардың махаббат әуені аяқталып, күнделікті күйбең тірлік прозасы басталады екен. Сонымен ғашық болуға бейімдейтін гормондар азайған сәтте отбасында кикілжің басталатын сыңайлы.
Герхарттың сөзіне қарағанда, бақытты ерлі-зайыптылардың әрбір жанжалды сәтіне беске жуық бақытты, келісімге толы кезеңдері сәйкес келеді екен. Ал, бақытсыз отбастарында келісім мен жанжал ара-қатысы 50/50 пайызды құрайды екен. Жұбайыңның бойындағы кемшілікпен күресудің ең басты құралы - ол қасиетті елемей қою. Сонда ғана жұбайың саған жағымсыз көрінетін қылығымен өзі-ақ қоштасатын болады, дейді ғалым.