Палестина лидері коалициялық үкіметті таратты, бірақ үкімет оған бағынғысы келмейді

ТАЯУ ШЫҒЫС: Кеше кешкісін Палестина автономиясының төрағасы М.Аббас “Хамас” ұйымы бастаған коалициялық үкіметті таратып, автономияға төтенше жағдай орнатты. М.Аббас И.Ханияны премьер-министр қызметінен босатып, коалициялық үкіметті таратты және енді өзі жаңа үкіметті жасақтайтынын мәлімдеді. Алайда И.Хания өзінің үкіметі “асығыс қабылданған шешімге” бағынбайтынын мәлімдеді. “Хамас”-тың содырлары М.Аббас бастаған “ФАТХ” қозғалысына бағынатын қауіпсіздік күштерінің Газа аймағындағы барлық мекемесін және Палестина төрағасының Газа қаласындағы кеңсесін басып алды.