Астанада мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша тізімге еніп, жаңа үйдің құрылысын салмақ болған компаниямен келісімге отырып, ақшасын төлеп қойған 700 үлесші құрылыс компаниясы өздерін алдап кетті деп шағым айтып отыр. Олардың бір тобы маусымның 15 күні Астанада құрылыс компаниясының басшылығымен кездесті. Әу баста мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша әр шаршы метріне 350 АҚШ доллары мөлшерінде ақша төлеген болашақ пәтер тұрғындары енді осыған қосымша қаржы төлеу керек деген хабарлама алды. Құрылыс компаниясы о баста келісімде көрсетілген баға неліктен өзгерді деген сауалға, қазіргі уақытта құрылыс материалдары және жер бағасы қымбаттады деген уәж айтып отыр.
Үлесшілердің айтуынша, 2005 жылы Астанада мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша бір жылдың ішінде бірнеше тұрғын үй салуды мойнына алған «АВС» корпорациясы, уәделі мерзімде құрылысты аяқтауға шамасы жетпей, банкрот болуға шақ қалған. Қазақстанға Қытайдан келген оралман отбасы - ерлі-зайыпты Мейірбан Нұрахметқызы мен Әбусейіт Үйренішбек болашақ пәтерге 38 мың доллар төлеп қойған екен. Бірақ, содан бері 2 жыл өтседе, пәтердің өзі тұрмақ, көлеңкесін де көре алмай жүргенін айтып, шағымданады.
- Бізбен жасалған келісім бойынша, тұрғын үй 2006 жылдың 4 тоқсанында біту керек болған. Қазір біз бір тал кірпішін де көрмедік - орны да жоқ үйдің. Әкім бір айдан кейін салынады деп келген, біз оған сеніп келдік.
Үлесшілер жарнамадағы президент Назарбаевқа жасалған сілтемеге сеніп қалғанын айтады:
- Біз, президенттің жарлығына сай, әр шаршы метріне 350 доллардан төлегенбіз. Ал енді қазіргі бағасы басқаша болады дейді. Біз оған келісе алмаймыз, өйткені, біздің қолымызда құжаттарымыз бар.
Жақында құрылыс фирмасының құрылтайшысы жаңарып, даулы үйлерді салып бітіреміз деген уәде жасады. Бірақ, жаңа құрылтайшы, құрылыс мерзімін кейінге шегеріп, құрылысты аяқтау үшін болашақ тұрғындардан, яғни, үйге үлестерін қосқан адамдардан қосымша қаражат сұрап отыр. Құрылыс компаниясының жаңа құрылтайшысы бұрынғы басшылар шамаларына қарамай құрылысқа кететін шығынды дұрыс есептемеген деген уәж келтіргенімен, онымен үлесшілер келіспей, дауға ұласқан. Қазір әкімшіліктің сұрауымен дауды шешіп алған соң, қалған ғимараттардан пайда табамыз, дейді жаңа құрылтайшылар. «АВС» корпорациясының жаңадан тағайындалған бас директоры Береке Тоқмағанбетов мұны былайша түсіндіреді:
- «АВС» корпорациясы кезінде 350 доллардан сатқан болатын. Олар ақшаны ұрламай, бәрін құрылысқа кіргізді. Ақшалары жетпей, бітіп қалды. Соған ақша төлеу керек.
Тоқмағанбетовтың айтуынша, компания басшылары тұрғындарға бұл дауды шешудің үш жолын ұсынып отыр. Біріншісі: үлесшілер қосымша қаражат төлеп жаңа пәтерге кіреді.
- Тиімдісі осы, себебі, бұл жағдайда тұрғындар бәрібір пәтерді нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен бағамен алады. Өйткені, біз тек пәтер салуға кететін шығынды өтеу үшін орта есеппен қосымша 200-300 доллар талап етеміз. Үлесшілер ақшаны қазір емес, үй салынып болғаннан кейін төлейді. Біз бұрынғы келісімге қосымша келісім жасаймыз. Сосын баға өзгермейтін болады, - дейді «АВС» директоры Б.Тоқмағанбетов.
Ерлі-зайыпты Мейірбан Нұрахметқызы мен Әбусейіт Үйренішбек, егер шынымен үй салына бастаса, құрылыс компаниясының бұл талаптарына да көнгелі отыр.
- Бізге баспана керек, ол қанша айтса да төлейміз. Баспанамыз жоқ, сондықтан біз олардың сұрағанын төлеуге мәжбүрміз, - дейді баспана тауқыметіне шағымданған ерлі-зайыптылар.
«АВС» фирмасының директоры Б.Тоқмағанбетовтың айтуынша, дауды шешудің екінші жолы - құрылыс компаниясы тұрғындарға осыдан екі жыл бұрын пәтер салуға төлеген салым ақшаларын қайтаруға әзір. Бірақ, ол ақшаға қазір ештеңе келмейді, дейді ол.
Үлес қаржыларын кері қайтып алуға тұрғындар да келіспей отыр. Өйткені, қазір Астанада тұрғын үйдің әр шаршы метрі кем дегенде 1500 доллар тұрады. Компания ұсынған үшінші жол: сот арқылы үлесшілер де, компания басшылығы да өз пікірлерін дәлелдеуге тырысады. Үлесшілердің бірі Асқар Угунов компаниямен соттасуға өзінің дайын екенін айтып отыр.
«32 мың долларды алып кеткенде, бұл ақшаға тіпті бір бөлмелі пәтер ала алмаймын. Ал біреудің жолы болмады екен деп, мен неліктен аяқталып қалған пәтеріме қосымша 20 мың доллар төлеуім керек?», - дейді үлесші Асқар Угунов.
Бірақ, сот шешімі шықпайынша бәрібір пәтерлер берілмейді, дейді компания басшылары. Яғни, пәтер жалдап жатқан тұрғындар сот шығындарына бір және жалдап жатқан пәтеріне екі рет шығындалады. Онда да сотта кімнің жеңіп шығатыны белгісіз. Жаңа құрылтайшылар болса дауға түскен 700 адамның бес жүзімен сөйлескендерін айтып, мұндай дауда, әдетте, сотқа ешкім бармайды деп отыр. Қазір суретте әсемдеп бейнеленген биік 6 кешеннің тек біреуі ғана аяқталуға жақын. Әр кешенге бірнеше ғимарат кіреді. Қалғандарына қаржы керек, дейді компания өкілдері. Және олар бұл ғимараттардың, әу баста уәде берілген мерзімде емес, тек 2009 жылы ғана аяқталатынын айтып отыр.