Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхаммедов бүгін Иранға барады. Екі күндік сапары барысында Бердымұхаммедовтың кіммен кездесетіні әзірше белгісіз. Бейсенбі күні Бердымұхаммедов “менің Иранға сапарым екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды күшейтеді деп үміттенемін” деп айтқан болатын. Оның мәлімдеуінше, келіссөздер сауда мәселесіне қатысты болады.