Черногория тағы бір соғыс қылмыскерін қолға түсіріп, оны енді Гаага трибуналы тосады

ГААГА: Черногория үкіметі Косово өлкесінде этникалық албандарды қудалап, қырған қылмысы үшін Халықаралық Гаага трибуналы іздеу жариялаған бұрынғы серб үкіметінің шенеунігін тұтқындады. Черногрия полициясы 1997-2001-інші жылдар аралығында Сербия ішкі істер министрінің көмекшісі әрі қоғамдық қауіпсіздік қызметінің басшысы болған Властимир Джорджевичті қолға түсіріп, оны енді бұрынғы Югославияның соғыс қылмыскерлерінің істерін қарайтын сотқа тапсыруға тиіс.