БЕЖИН: АҚШ-тың ресми өкілі Кристофер Хиллдің мәлімдеуінше, Солтүстік Кореяның ең басты ядролық реакторын жабу “бірнеше аптаның мәселесі”. Сонымен бірге Сотүстік Кореяның аты-жөні аталған шенеунегінің сөзін келтірген бір хабарға қарағанда, Пхеньян өзінің Йебондағы ядролық реакторын шілденің екінші жартысында жабуды жоспарлап отыр. Шенеунектің айтуынша, реакторды техникалық жабуға 1 ай уақыт керек. Бүгін Бежинге келген К.Хилл МАГАТЭ инспекторлары Солтүстік Кореяға таяу уақытта барады деп үміттенетінін айтты.