БІШКЕК: Бүгін Қырғызстан парламенті (Жогорку Кеңеш) капиталды заңдастыру туралы заң жобасын мақұлдады. Оған сәйкес, халық өзінің дүние-мүлкі мен қаржы активтерін салық мекемелерінде тіркеп, 5 пайыз мөлшерінде салық төлеуге тиіс. Қылмыстық кодекске қайшы жиналған қаржы активтері мен мүлікке және президент пен үкімет мүшелерінің, парламент депутаттарының және басқа да мемлекеттік қызметкерлердің заңсыз капиталдарына қайырымдылық жасалмайды. Бұл заңды енді президент Қ.Бәкиев бекітуге тиіс.