Мамыр айында уланған қырғыз премьер-минисрі қызметіне кірісті

БІШКЕК: Түркияда 1 апта бойы дәрігердің қарауынан өткен қырғыз премьер-министрі Алмазбек Атамбаев қызметіне кірісті. Оның мәлімдеуінше, мамыр айының басында оны улады. Анкарадағы медициналық сараптаманың нәтижесі әлі жарияланған жоқ. Қырғыз дәрігерлері премьер-министрдің уланғанын растады, бірақ қандай улы затпен – токсинмен уланғанын анықтай алмады. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның уланған оқиғасын тергеу үстінде.