ТОКИО: Ұлыбританиядағы “Гиннес рекордтарының” кітабы 111 жастағы жапон азаматы Томоий Танабені жер бетіндегі “ең қарт азамат” ретінде тіркеді. Ол 1895-інші жылдың 18-інші қыркүйегінде дүниеге келіпті. Танабе өзінің ұзақ жасауына арақ-шараптан мүлде бас тартуы негіз болған көрінеді. 114 жастағы жапон әйелі жер бетіндегі ең қарт әйел саналады.