Сребреницаның жанында мәйіттер жаппай жерленген тағы бір қорым табылды

Боснияның жоғалған адамдар комиссиясының өкілі Мұрат Хуртич 1995 жылғы Сребреница қырғынының қалған құрбандарының қорымы Боснияның шығыс аймағынан табылды деп айтқан. Хуртичтің сөзіне қарағанда, қорымнан кемінде 15 адамның сүйегі шыққан, олар алғашқыда басқа жерде жерленгенге ұқсайды, кейіннен осында әкелініп, қайта көмілген болса керек.