ВАШИНГТОН: БҰҰ-ының Беларуссия мен Куба бойынша арнаулы баяндамашыларының мандаттарын тоқтату туралы БҰҰ-ының адамның құқы бойынша Кеңесінің шешім қабылдауына ресми Вашингтон өкініш білдіреді. Мемлекеттік департаменттің өкілі Шон Маккормак аталған Кеңестің бірқатар елдегі адам құқының бұзылуын тергеу үшін басшылыққа алып отырған жаңа өлшемдерін өткір сынға алды. Ондай елдердің қатарында не Беларуссия, не Куба жоқ. Бірақ, Маккормактің мәлімдеуінше, нақ осы 2 ел адамның құқын көп бұзатындардың қататына жатады. АҚШ бұл Кеңестің құрамына кіруден бас тартып, оған бақылаушы ретінде ғана қатысады.