Бейбіт бітімнің 10-жылдығына байланысты тәжік президенті рақымшылық жариялады

ДУШАНБЕ: Тәжікстан парламенті 1990-ыншы жылдардағы азамат соғысына қатысқандарға, әйелдер мен балаларға және қарттарға рақымшылық жасау туралы заң жобасын мақұлдады. Заң жобасына сәйкес, кісі өлтірген, адамның және есірткі заттардың заңсыз саудасымен айналысқан қылмыскелерге рақымшылық жасалмайды. 1992-1997-нші жылдар аралығында жалғасқан азамат соғысын бітімге жеткізген Келісімнің 10 жылдығы қарсаңында қабылданып отырған бұл заң президент Эмомали Рахмон қол қойған соң күшіне енеді.