ТРИПОЛИ: Ливияның Жоғарғы соты “жүздеген балаға қасақана СПИД инфекциясын жұқтырды” деген айып бойынша өлім жазасына кесілген 6 шетелдіктің, оның ішінде болгариялық 5 медбике мен палестиналық дәрігердің аппеляциялық шағымын тыңдау үстінде. Ливия ауруханасында 1999-ыншы жылы жұмыс істеген медбикелер мен дәрігер балаларға СПИД дертін қасақана жұқтырғандарын мойындамай келеді. Сейсенбі күні Болгария егер олар ақталатын болса, палестиналық дәрігерге болгар азаматтығын беретінін хабарлады.