Оңтүстіктегі Кандағар провинциясында көліктері бомбаға түсіп жарылған кезде Халықаралық бітімгершілік күштерінің үш солдаты құрбан болған. Олардың үшеуі де Канада жауынгерлері болған деп хабарланды. Жалпы 2002 жылдан бері Ауғанстанда 60-қа жуық Канада әскері қаза тапқан. Ал бұл аралықта Ауған жане НАТО жасақтары осы провинцияда бүлікшілерге қарсы әуе шабуылдарын жүргізіп, 21 тәліп өлтірілді деп хабарлаған.