Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы Хавиер Солана бүгін Брюссельде Украина президенті Виктор Ющенкомен кездесіп, Украинадағы саяси жағдай мен екі жақты қарым-қатынастарды талқылады. Ал бүгін кешірек Еуроодақ саммиті басталады. Хавиер Солана Украинадағы саяси дағдарыстың 30-шы қыркүйекте өтетін сайлаулар арқылы шешілетініне үміттенетінін айтты. Ол, сондай-ақ, Украинаның мықты экономикалық көрсеткіштерін мадақтады. Ал дүйсенбі күні Солана Люксембургта Украина премьер-министрі Виктор Януковичпен кездескен болатын.