Ирақта жанкештілік бомба жарылысында кемінде 16 адам құрбан болды

Полицияның айтуынша, жанкешті жарылғыш зат толтырылған көлікті Киркуктің оңтүстік жағында 90 шақырым жердегі Сулейман Пек қаласының әкімшілік кешенін нысанаға алып жарған. Қаза тапқандар арасында әйелдер мен балалар болған. Ал бұл аралықта Бағдадтағы қауіпсіздігі күшті Жасыл аймақта да жарылыстар орын алды. АҚШ әскерилері соңғы екі күннің өзінде Ирақта ең кемінде 12 американдық жасақ қаза болды деп айтқан.