Сәрсенбі күні Т.Блэрдің орнына Г.Браун Англияның премьер-министрі болады

ЛОНДОН: Гордон Браун – Ұлыбританиядағы Лейбористік партияның жаңа лидері болды. Лейбористік партияның жексенбі күні Манчестерде болып өткен конференциясында осындай шешім қабылданды. Г.Браунға балама үміткер болмағандықтан ол дауыс берілмей-ақ лидер болып бекітілді. Оның орынбасары болып Херриет Харман бекітілді. Осы сәрсенбі күні Г.Браун Т.Блэрдің орнына премьер-министр болады.