Эхуд Олмерт бүгін кешке Махмұд Аббаспен кездеседі

Израиль бас министрі Эхуд Олмерт бүгін кешке Мысырда Палестина президенті Махмұд Аббаспен келіссөз өткізу керек. Олар Шарм-Ел-Шейх қаласында өтіп жатқан саммиттің шеңберінде кездеседі. Эхуд Олмерт екі тарап арасында көптен бері тқттап тұрған бітім келіссөздері қайтадан жалғасын табар деген үмітін білдірді. Израиль Палестинаға тиесілі салық төлемдерін Палестинаның жаңа төтенше үкіметіне қайтаруға кеше келіскен болатын. Ақша Газа айлағын бақылауына алып алған "Хамас" партиясына өтіп кетпек керек.