Воркута шахтасында жеті адам қаза тапты

Ресей солтүстігіндегі Воркута облысында көмір шахтасында апаттан жеті адамның қаза тапқаны анықталды. Арктика аймағында орналасқан "Комсомольская" кенішінде жарылыс метан газынан болды делініп отыр. Жер астында 277 адам болған, олардың көпшілігі аман қалды. Үш кеңші әлі табылмай жатыр, төртеуі ауруханаға түсті.