Ирақ президенті Теһранға келді

Ирақ президенті Жалал Талабани Иран ресмилерімен келіссөз өткізу үшін Теһранға келді. Талабани Иран президенті Махмұд Ахмадинежад және тағы басқа ресмилермен кездеседі деп жоспарланған. АҚШ күштері Иранды Ирақтағы соғысушыларды қаруландыруда және оларды жаттықтыруда деп бірнеше рет айыптаған болатын. Бірақ Теһран бұл айыптауларды жоққа шығаруда.