“Иранды жағымсыз етіп көрсетеді” деген уәжбен Иран мультфильмі Бангкок кинофестиваліне жіберілмеді

БАНГКОК: Тайланд үкіметі арнайы сыйлықпен марапатталған “Persepolis” атты Иран мульфильмін ресми Теһранның талабы бойынша Халықаралық Бангкок кинофестивалінен шығарып тастады. 1979-ыншы жылғы Ислам төңкерісін басынан кешкен 9 жастағы қыз-баланың өмірі туралы Марджани Сатрапидің графикалық шығармасы негізінде түсірілген мульфильм - таяуда болып өткен Халықаралық Канн кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы сыйлығын алған болатын. Мульфильм “Иранды жағымсыз жағынан көрсетеді” деген желеумен Иранның Бангкоктегі елшілігі Тайландтың туризм министрлігінен оны фестивальге жібермеуді талап етті.