Ресей “Булава” зымыранын сынақтан сәтті өткізді

Ресей баллистикалық зымыранның жаңа түрін тәжірибеден сәтті өткізгенін хабарлады. Әскери-теңіз күштерінің баспасөз хатшысы Игорь Дыгалоның айтуынша, Ақ теңізден атылған Булава зымыраны Камчатка түбегіне дейін жеткен. Бұдан бұрын Булава зымыраны 3 рет сынақтан өткізілген болатын, олардың бәрі сәтсіз аяқталған тұғын.