Түркменстан президенті 50 жылдық мерейтойында өз-өзіне мырзалық танытты

Гурбангұлы Бердімұхамедов 50 жасқа толу құрметіне өзін гаухар таспен көмкерілген үлкен алтын алқамен марапаттады. Мемлекеттік басылымдар сондай-ақ Бердімұхамедов 20 000 доллар сыйақы алды және жалақысы мен зейнетақысы 30 процентке өсірілді деп хабарлады. Үкімет президент Гұрбангұлы Бердімұхамедовтың суретімен әшекейленген мерейтойлық 200 алтын, 200 күміс тиындар шығарды. Президенттің туған күнін бұлайша тойлау бұрынғы президент, жеке басқа табынушылық үрдісін кең ұстанған марқұм Сапармұрат Ниязовтың кезеңін еске түсіргендей.