АҚШ сенаторлары Ауғанстандағы жағдайға алаңдаулы

АҚШ Конгресінің 20-дан астам сенаторы қол қойған хатта Ауғанстандағы қауіпсіздік жағдайы тым нашарлап кеткендігі атап көрсетілген. Хатта сенаторлар НАТО-дағы АҚШ одақтастарын қауіпсіздік міндеттерін мүлтіксіз орындап, ауыртпалықты бөлісуге шақырған. Аталған хатқа қол қоюшылардың бірі сенатор Кристофер Додд Ауғанстандағы жағдай күн сайын нашарлап барады, ал жалғыз АҚШ солдаттары тәліптер мен Әл-Қаида жаугерлеріне қарсы күресе алмайды деп атап көрсетеді.