“Хьюман Райтс Уотч” ұйымы Армения парламентін шетелдік хабарлар тарату құралдарына, әсіресе “Азат Еуропа/Азаттық радиосына” қатаңдатылған шектеулер қоятын заң жобасын мақұлдамауға шақырды. АҚШ-та орналасқан адам хұқтары жөніндегі бұл ұйымның айтуынша, аталған заң жобасы елдегі маңызды тәуелсіз ақпарат бұлағына шектеу қоятын болады. Армения парламенті шетелдік ақпарат құралдары туралы заң жобасын жұма күні бірінші оқылымда мақұлдаған болатын. Енді ол дүйсенбі күні екінші оқылымда дауысқа салынбақ.