Британиядағы оқиғалардан кейін 2 адам қамауға алынды

Шотландия полициясы Глазго мен Лондонда жүзеге асырылмақшы болған жарылыс әрекеттері бір-бірімен байланысты деп хабарлады. Сенбі күні Глазго әуежайындағы негізгі терминалдың жанында бір көлік өртелген болатын. Полиция бұл шабуылды лаңкестік әрекет деп қарастырып жатқанын хабарлады. Осыған байланысты 2 адам күдікті ретінде тұтқындалды. Шабуылдан кейін ұсталған бір күдікті кісі жоғары дәрежедегі күйікпен ауруханаға жеткізілген. Полиция әлгі адамнан күдікті бір жабдықты тапқанын айтып отыр. Оның алдында Лондонда ішінде жарылғыш зат болған екі көлік табылған болатын. Британия билігі елдегі лаңкестік қауіптің деңгейін ең жоғарғысына көтерді.