Оңтүстік Қазақстан облысында балалардың жаппай ВИЧ індетін жұқтыру оқиғасына қатысты шығарылған сот үкіміне наразы дәрігерлер тобы шілденің 4-і күні Шымкент қаласында баспасөз мәслихатын өткізіп, сот үкімі бойынша ауыр жаза алған өз әріптестерін қолдайтындықтарын білдірген.
Сот үкіміне наразы болушылардың бірі, облыстағы балалар ауруханасында бас медбике болып істейтін Бибігүл Қасенова сәрсенбі күні «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Шымкент қаласындағы ауруханалардың дәрігерлері мен медбикелері сот үкіміне наразы екендіктерін білдіру мақсатында жұмыстан кетуге бел байлап отырғандарын жеткізді.
«Қарапайым дәрігерлер ең ауыр жазаны алды, ал басшылар жеңіл жазамен құтылып отыр, бұл - әділетсіздік қой! Осы сот үкімінен кейін ауруханаларда жұмыс істейтін дәрігерлердің көбі өз жұмыстарына құлықсыз екендерін танытуда, олардың кейбірі өз жұмыстарын тастауға дайын», - дейді ол.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы тәуелсіз кәсіподағы ұйымдары конфедерациясының президенті, мамандығы дәрігер Лариса Харкова соңғы кезде облыстағы дәрігерлердің кәсіподағы ұйымдарына қосылу үрдісі күшейе түскенін айтады. «Олар өз құқықтары үшін күресуге дайын көрінеді. Ал, сот үкіміне наразы кейбір дәрігер мамандар өз жұмыстарынан кетуге де әзір. Қазіргі жағдаймен сондай дәрігерлердің саны 16 адамға жетті» деді ол.
Ал Оңтүстік Қазақстан облысында осы ВИЧ індетін жұқтырған балалар мен олардың ата-аналарының құқығын қорғаушы «Балаларды СПИД-тен қорғайық» қоғамдық қордың төрағасы Сағадат Масауров сот үкімінің әділ болмағандығын айтады.
«Ең ауыр жаза облыстағы денсаулық саласын бұрын басқарған Нұрсұлу Тасмағамбетова және оның күйеуі, облыстағы медициналық қызметтердің сапасын қадағалау комитетінің бұрынғы бастығы Рысқұлбек Байхарашев және олардың орынбасарлары Нағима Жолдасова мен Рахима Қуандықоваға берілуі тиіс еді. Алайда, сот үкімі бойынша, керісінше, дәрігерлер, соның ішінде жазықсыз адамдар да бар, ең ауыр жазаны алды, бұл – масқара!», - дейді ол.
Сондықтан алдағы күндері сот үкімін өзгерту үшін аппеляциялық сотқа шағымданғалы отырғандарын айтты С.Масауров.
Шілденің 4-і күнгі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында тағы бір балада ВИЧ індеті анықталды. Сонымен облыс бойынша ВИЧ індетін жұқтырған балалар саны 119-ға жетіп отыр. Олардың 10-ы осы дерттен қайтыс болды. ВИЧ індеті сондай-ақ 14 анада анықталған.