Газада ұрланған Би-Би-Си тілшісі босатылды

Газада ұрланған Би-Би-Си тілшісі Алан Джонстон кепілдіктен босатылды. Журналист Джонстон бүгін Хамас ресмилеріне тапсырылды. Хамас тобының саяси жетекшісі Халед Мешаал Аллан Джонстонның азат етілгенін мадақтап, Палестиналықтар оның ұрланғанына өкініш білдірген еді деп мәлімдеді. Аллан Джонстон Газада жұмыс істеген жалғыз батыс тілшісі болған. Ол наурыздың 12-і күні Ислам Армиясы деп аталатын соғысушы топ тарапынан ұрланған болатын.