САРАЕВО: Бүгін Германия президенті Хорст Койлер Босния және Герцеговинаны Еуропаның құрамдас бөлігі деп атап, олардың Еуроодақпен жақын ынтымақтасуын Германияның қолдайтынын мәлімдеді. Бұл сөзін Койлер бүгін Сараево қаласында Босния және Герцоговина президенттерімен үш жақты кездесінде айтты. Оның атап көрсеткеніндей, Боснияның Еуроодаққа қашан қабылдануы – алғышарт бойынша – реформаларды қаншалықты сәтті іске асыруына байланысты болады. Неміс президенті мен оның зайыбы, сондай-ақ, Еуроодақтың Босниядағы бітім күштері қатарында қызмет еткен 300 неміс жауынгерімен көрісті.