Орталық Азия елдері арасында Қазақстанның экономикалық жағдайы ілгері басқан сайын осы көршілес елдерден Қазақстанға еңбек ету үшін заңды және заңсыз жолдармен келетін мигранттар саны жылдан жылға көбейіп отыр. Өткен жылы Қазақстанның статистикалық агентігі Қазақстанда жүрген жалпы мигранттар саны 350 мыңдай адам деген дерек берген болатын. Алайда дәл бүгінгі күні Қазақстанда жүрген заңды және заңсыз мигранттарының санын ешкімде айта алмайды. Былтыр жүргізілген заңдастыру нәтижесінде елде 200 мыңдай адам заңды түрде еңбек мигранты болып заңды тіркелген.
Қазақстанға еңбек мигранты ретінде көбінесе көршілес Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан жұмыс күші келеді. Тәжікстанның Қазақстандағы төтенше әрі өкілетті елшісі Акборша Искандаровтың айтуынша, бүгінгі күні Қазақстанда Тәжікстаннан келген еңбек мигранттарының саны шамамен 44 мыңдай адам екен. Олардың көбі Алматы қаласы мен Алматы облысында құрлыс салу жұмыстары мен қара базарларда сауда-саттықпен айналысады.Алайда осы еңбек мигранттарының құқықтық мәселесі мен денсаулық жағдайы өзекті мәселеге айналып отыр дейді елші.
- Еңбек мигранттарына қатысты Қазақстан мен Тәжікстан үкіметтері арасында 33 түрлі құжат бар, бірақ, қазақстандық жұмыс беруші орындар тәжік мигранттарына арзан жұмыс істетуді ойласа да, олардың денсаулығына кепілдік бергілері келмейді. Көбінесе бұл мәселені екі жақтың жұмыс келісім-шартына енгізуді қаламайды. Сондықтан қазіргі уақытта бұл бір өзекті мәселе болып отыр, - дейді Тәжікстан елшісі Акборша Искандаров.
Алматы қалалық денсаулық департаменті төрағасының орынбасары Салтанат Әшірованың айтуынша, Қазақстанға көршілес Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келетін еңбек мигранттарының көбі Алматыда қалып, жұмыс істегілері келеді. Сондықтан, олардың денсаулық мәселесі де қала үшін өзекті мәселенің бірі болып тұр дейді маман.
- 2007 ші жылғы үкіметтің шешімі бойынша, Қазақстанда тұратын шетел азаматтарына арнайы тоқтатылған ережеге сәйкес тегін дәрігери көмек түрлері көрсетіледі. Солай бола тұра еңбек мигранттарының көбі ауырып-сырқаса дәрігерге барғылары келмейді, одан қашқақтайды. Егер қаладағы балалар өлімі 9 процентті құраса, осы еңбек мигранттары арасында жас сәби өлімі 62 процентті құрап отыр, - дейді С.Әшірова.
Сондай-ақ Қазақстанға келіп жұмыс істейтін еңбек мигранттары арасында түрлі жұқпалы дертпен ауыратын адамдар, тіпті ВИЧ/СПИД ауруын жұқтырған адамдар да бар екенін айтады.
- Мысалы, биылғы жарты жылда шетел азаматтарынан 1826 адам ВИЧ індетін жұқтырғаны анықталған болса, солардың 542-сі, яғни 30 проценттейі осы еңбек мигранттары, - дейді С.Әшірова.