Мүшарраф Қызыл мешітте бекінгендерге берілмесеңдер, өлім күтіп тұр деп ескертті

Пәкістан президенті Первез Мүшарраф бес күннен бері Исламабадтағы Қызыл мешіттегі діншіл-радикал студенттерге осындай ескерту жасай отырып, оларды әйелдер мен балаларды босатуға шақырды. Мешітке бекінген қарулы студенттер мен қауіпсіздік күштері арасындағы теке-тірес, қақтығыстар салдарынан 19 адам құрбан болды.