Иран елшісі тұтқындағы 5 ирандықпен кездесті

Иранның Ирақтағы елшісі Бағдадтағы абақтыда отырған 5 ирандықпен кездесті. Бұл туралы Иран сыртқы істер министрлігінің баспасөз-хатшысы Мохаммад Әли-Хосейни хабарлады. Оның айтуынша, елші 5 сағат бойы тұтқындағы ирандықтармен бірге болған. Олар өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығаруда. Қаңтар айында АҚШ әскерилері әлгі 5 ирандықты Ирақ бүлікшілеріне көмектеуде деген айыппен қамауға алған болатын. Иран үкіметі оларды тезарада босатуға шақырды.