Босниядағы “Сребреница қырғынының” тағы 465 құрбаны бүгін қайта жерленеді

СРЕБРЕНИЦА: Бүгін Босния сербтерінің Сребреница қаласын басып алып, жергілікті мұсылмандарды жаппай қырған “Сребреница қырғынына” 12 жыл толады. 2-нші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропадағы “ең ірі зұлымдық” деп бағаланған сол қырғында 8 мыңдай мұсылман қаза болды. Бүгін сол кезде құрбан болған 465 мұсылманның сүйегін қайта жерлеу рәсімі болады. Осыған дейін Сребреница қаласындағы мемориалға 2.5 мың мұсылманның сүйегі жерленіп қойды.