Иранға үш күндік сапармен Халықаралық Атом энергетика агенттігінің бас инспекторы Олли Хейнонен бастаған делегация келеді. Делегация ертең Иран ресми өкілдерімен келіссөзін бастайды, Иран ядролық бағдарламасының мәселесі талқыланады. Иранның ядролық мәселе бойынша делегациясының бастығы Әли Лариджани мәселені анықтап алуға келіскен болатын.